Arxiv
2024 Дудариша Сартбаева
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,
Р.БЕРДІБАЙҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ
Кілт сөздер: Балалар әдебиеті, Р.Бердібай,жанр, балалар поэзиясы, балалар прозасы.
Key words: children's literature, R. Berdibay, genre, children's poetry, children's prose.
Ключевые слова: детская литература, Р. Бердибай, жанр, детская поэзия, детская проза.
Балалар әдебиеті туралы анықтама бергенде, балалар әдебиеті— балаларға арналып жазылған әдеби шығармалар. Сондай-ақ, арнайы балаларға арналып жазылмағанымен, олардың ойлау, түсіну қабілетіне, талғамына, арман-қиялына әсер етіп, өзіне балаларды тартатын көркем шығармаларды да Балалар әдебиеті қатарына жатқызуға болады. Балалар әдебиеті — сөз өнерінің арналы бір саласы. Әдебиеттің бұл түріне жататын шығармалар оқиғасының қызықты да тартымдылығымен, композициясының ширақтығымен ерекшеленеді. Тілі жеңіл, көркем, түсінікті,айқын әрі әсерлі болуы тиіс. Балалар әдебиетінің негізгі мақсаттары: жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-ойын дамыту, оларды адамгершілікке, отансүйгіштікке, т.б. ізгі мұраттарға баулу, деп түсінік беріледі. Бірақ біздің мақаламыз, балалар шығармашылығы емес, балалар әдебиетінің мәселелерінің Р.Бердібай зертеулерінде көрініс табуы жөнінде болмақ.
MƏQALƏNİ YÜKLƏ
[154,98 Kb] (yüklənib: 21)
Baxış:
876