Arxiv
ELMİ İŞ - 2025
Müəllif: Роза Жумабайкызы Есбалаева
Кілт сөздер: Италмас мұрасы, жыр-дастан, назира жанры
Key words: Italmas heritage, Zhyr-dastans, Nazir genre
Ключевые слова: наследие Италмас, жыр-дастаны, жанр Назира
Кілт сөздер: Италмас мұрасы, жыр-дастан, назира жанры
Key words: Italmas heritage, Zhyr-dastans, Nazir genre
Ключевые слова: наследие Италмас, жыр-дастаны, жанр Назира
Қазақ әдебиетінің тарихында өлең, жыр шығаратын, қисса, толғау, дастан айтатын адамдар “жырау”, “жыршы”, “ақын”, “өлеңші” “термеші” деп аталды. Бұл дәстүр қазақ ауыз әдебиетінен бастау алып, ХҮ-ХҮІІІ ғасырда кең тарап, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басына дейін жырау, жыршылар халық арасында көптеп кездесті. ХХ ғасырда жыршы, жыраулар саны сиреп, ақын, термешілердің саны артты. Жыршылар жырды домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен, мақаммен, әнмен айтады, сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды. Олар бұрыннан белгілі халық дастандарын, поэмаларды айтып таратады. Кейбір жыршылар өз жанынан өлең-жыр да шығарады. Жыршыны халық ақынмен, әншімен, шешенмен қатар қойып қадірлеген. Қазақта Айса Байтабынов, Мұрын Сеңгірбаев, Нұрпейіс Байғанин – нағыз жүйрік, танымал жыршылар. Осындай ғасырдың айтулы ақындарымен айтысқа түсіп, әдеби мұрасымен қазақ әдебиетінің тарихында есімі сақталған ақын-жыршылар қатарында Италмас Түнқатарұлының шығармашылығы ерекше аталады. Италмас ақын - 1842 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Бөген ауылы, бұрынғы «Екпінді» колхозында туылып, 1919 жылы өзі туып-өскен өлкеде қайтыс болған. Кей деректе 1854 жылы туылған деп беріліп жүр. ХІХ ғасырдағы Майлықожа, Сүйіндік, Жылқыбай, Кенжебайлармен деңгейлес, терме, жыршылық өнерді қатар алып жүрген ақын. Әдеби мұрасы қағазға қатталып, сақталып бізге жетсе де арнайы зерттелмеген. Келешекте ақын мұрасы ғылыми айналымға түсіп, арнайы зерттеледі деп сенеміз. Италмас ақынның қазақ жырларын, дастандарын жырлап әрі жеткізуші екендігін ақын жайында жазылған жазбалардан білеміз.
Baxış: 1244