Arxiv
ELMİ İŞ - 2025
Бақыт Сырымұлы Әбжет
Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті
abjet_71@mail.ru
СЫР БОЙЫНДА САҚТАЛҒАН МИФТІК АҢЫЗДАРДАҒЫ ҚОРҚЫТ АТАНЫҢ ТӘҢІРЛІК СИПАТТАРЫ
Key words: Korkyt, healer, kobyz, God, legend, the Syrdaryavalley, shaman
Ключевые слова: Коркыт, баксы, кобыз, бог, таурат, легенда, долина Сырдарьи, шаман
Қорқыт туралы тараған аңыздар мен кейбір жазба деректерге қарап оның тарихта нақты болғандығы не аңызға құрылған жинақы образ екендігін ажырату жолында көптеген қорқыттанушы ғалымдардың арасында бірізділік жоқ. «Қорқыт Ата кітабы» ХҮ ғасырларда жинақталғандықтан онда ислам дінінің біраз әсері байқалады. Ал, Сыр бойында туған Қорқыт аңыздарының дені тәңіршілдік сенімге қатысты дүниелер болып келеді. Қорқыт Ата туралы аңыздар мен мифтік әңгімелерді байыптап қарап отырғанымызда онда тәңірлік құдай бейнесіне қатысты архетиптік бейнеде көрініс тапқандығы байқалады. Жалпы Қорқыт жайлы айтылатын аңыздарды ерте дәуір кезеңіндегі музыкаға қатысты дүниеге келген аңыздар және кейінгі дәуір яғни, еркек кіндіктердің үстемдікке ие бола бастаған, қалалық мәдениеттің дами бастаған тұсында дүниеге келген аңыздар деп қарастыруға болады.
Baxış: 1316