Arxiv
ELMİ İŞ - 2025 Elmi iş - 2024 Elmi iş - 2023 Elmi iş - 2022 Elmi iş - 2021 Elmi iş - 2020 Elmi iş - 2019 Elmi iş - 2018 Elmi iş - 2017 Elmi iş - 2016 Elmi iş - 2015 Elmi iş - 2014 Elmi iş - 2013 Elmi iş - 2012 Elmi iş - 2011 Elmi iş - 2010 Elmi iş - 2009 Elmi iş - 2008 Elmi iş - 2007
Роза Жұмабайқызы Есбалаева
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті

ҚАЗАҚ САТИРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

Кілт сөздер: жанр мәселелері, тек пен түр, сатира жанрлары, фельетон, мысал
Key words: genre issues, genre and type, genres of satire, feuilleton, fable
Ключевые слова: жанровые проблемы, жанр и тип, жанры сатиры, фельетон, басня
Әдебиеттану ғылымында әдеби жанр термин ретінде екі мағынада қолданылатыны баршаға аян. Әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма; ал әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия, т.б. әдебиеттің түрлері ретінде аталады. Дәл осы сипатта сатира жанрын да тек ретінде атап, мысал, фельетон, пародия, эпиграмма сияқты сатиралық сипаты бар жанрларды түр ретінде қарастырған ғалымдардың зертеулеріне тоқталмақпыз. «Сатира» атауы туралы кеңестік дәуірде Я.Эльсберг, А.П.Квят­ковский, Д.Николаев, Л.Ф.Ершов, У.Гуральник т.б. ғалымдар арнайы қарастырды. Кейінгі әдебиет зерттеушілері де сатираны әдебиеттің бір тегі, [1, 128б.] деп түсіндіреді. Бұған дау шылар да бар. Мәселен, М.Тілеужанов «Сатиралық термин төңірегінде» деген мақаласында «Кейбір әдебие­тші­лер сатираны жанр дейді, біз бұған қосылмаймыз»[2]-деген пікір білдіреді.
Қазақ әдебиетінде сатираның жанр ретінде тек те, түр де бола алатынын қазақ сатира зерттеушісі Т.Қожакеев «Сатиралық жанрлар», «Сатира – күштілер қаруы», «Сатира – тәрбие құралы», «Сатира негіз­дері» деген еңбектерінде арнайы зерттеу жасап, ғылыми нақты дәлелдермен тұжырым жасады.


Baxış: 1874