Arxiv
2024 Орынбай Дәндейұлы Бекжан
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халақаралық
қазақ-түрік университеті
ЕСІК ЖАЗУЫ – ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АСЫЛ МҰРАСЫ
Кілт сөздер: Есік жазуы, таңба, көне жазулар, түркі тілдері, күміс тостаған.
Keywords: Issyk letter, sign, ancient inscriptions, Turkic languages, silver bowl.
Ключевые слова: Иссыкское письмо, знак, древние надписи, тюркские языки, серебряная чаша.
Қазақстан аймағындағы археологиялық қазбадан табылған Есік жазуы туралы бұрынғы орыс ғылым академиясының тіл мамандары жазуды өздері оқып, түсіндіріп дәлелдер келтірместен, бірден иран тілдес болуы керек деп тұжырым жасаған. Бұл пікірмен келіспеген қазақ ғалымдары бұл жазба ескерткішті көне түркі тілінде оқи бастады. Біз солардың бәрін салыстырып, өз оқуымызды 1993 жылы ұсындық. Содан 2009 жылға дейін үш рет жаңартылып, толықтырылып оқылды.
Біздің даңқты да құпия жазбамызды ең алғаш байқап, дүние жүзі ғалымдарына таныстыру Амстердам қаласының бургомистрі, картограф Николас Витсеннен (1641–1717) [1] бастау алады. Ол Енисей өзенінің бойынан мағынасы белгісіз жазуларды байқап, Еуропа оқырмандарына таныстырады. Осыдан бастап Ресей аумағындағы құпия жазулар туралы С.Ремезов, И.Страленберг, Д.Г.Мессершмидт, П.С.Паллас [2] тәрізді зерттеушілер өздері байқап, тапқан жазбаларын әр жерде жариялайды.
Ең алғашқы жазуларды іздеп, табуды мақсат тұтқан экспедицияны фин ғалымдары ұйымдастырады. 1875 жылы олар Енисей өзені бойындағы Минусинск ойпатына барып, бірталай жазба ескерткіштерді жинап, оларды «Енисей жазбалары» [2, 13-14 бб.] деген атпен жариялайды. Ал үлкен көлемді Моңғолиядағы Орхон өзенінің бойындағы жазуларды тапқаны жайында 1892 жылы Н.М.Ядринцев [3] еңбек жариялайды. Бұл әйгілі түркі қағаны Білге мен оның інісі, әрі бас қолбасшысы Күлтегінге арналған жазулар еді.
MƏQALƏNİ YÜKLƏ
[879.29 Kb] (yüklənib: 38)
Baxış:
1 692