Arxiv
2024 Тоты Иманқызы Көшенова
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
З.АХМЕТОВ ЖӘНЕ ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Түйінді сөздер: ұлттық әдебиет, зерттеу, әдеби мұра, шығармашылық
Key words: national literature, research, literary heritage, creativity
Ключевые слова: национальная литература, исследования, литературное наследие, творчество
Аса көрнекті әдебиеттанушы ғалым, академик З.Ахметовтің артында қалған ғылыми мұраларын бірнеше бағыттарға бөліп қарастыруға болады. Мақаламызды ғалымның зерттеулеріндегі Дулат Бабатайұлы шығармашылығына арнағандықтан осы бағытта жазған ғылыми еңбектеріне тоқталуды жөн көрдік. Ғалымның қазақ әдебиеті тарихындағы қайталанбас тұлға Дулат Бабатайұлы шығармашылығына арнап жазған еңбектерінің орны өзгеше. Ғалымның еліміз егемендік алғаннан кейін қазақ әдебиеті тарихына жаңаша көзбен қарап, әдеби үрдіс пен оның көрнекті өкілдері жайлы тың пайымдаулар мен түбегейлі теориялық тұғырнама жасап, методологиялық жаңа бағдар алуына себеп болуын арнайы атап өткен жөн. Қазақстанның рухани мәдениеті мен әдебиетінің өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан ғалымның осы орайдағы жаңа ойлары, тың ғылыми тұжырымдары жас зерттеушілерге жаңа бағдар сілтегені де сөзсіз.
MƏQALƏNİ YÜKLƏ
[150,93 Kb] (yüklənib: 19)
Baxış:
773